МИССИЯ КОЛЛЕДЖА: ПОДГОТОВКА КОНКУРЕНТОСПОСОБНЫХ, КВАЛИФИЦИРОВАННЫХ, ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ КАДРОВ В СФЕРЕ ЛЕГКОЙ И ПИЩЕВОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ, УСЛУГ И БИЗНЕС Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66
Home / Новости / Жетістіктермен мақтанамыз

Медиа

Жетістіктермен мақтанамыз

«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі үшін 2023 жыл табысты әрі жетістіктерге толы жол болды. Колледж оқытушылары мен студенттерінің ерен еңбегінің арқасында колледж қоржыны көптеген жүлделермен толықты. 2023 жылдың ең маңызды жетістігі – колледждің Мемлекеттік Аттестациядан өтуі. Сонымен қатар колледждің атаулы жетістіктерін атап өтсек:

 Колледжіміздің «Дизайн және технология» бөлімінің оқытушысы - Мухамедрахим Елубайұлы Мешелов Ұлттық дизайн академигі атағын алды;

 Колледж студенті Джетписпаева Диана Асхатқызын Грекия мемлекеті Лутраки қаласында өткен спорттың грэпплинг түрінен Әлем чемпионатында жүлделі 1-орын иеленгенді;

 Футболдан өткен колледж студенттері арасында қалалық жарыста колледжі 1-орынды иеленді;

 Жасөспірімдер командалары арасындағы футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатында колледж студенті Ерланов Нұрислам 1 орын иеленді;

 Астана қаласы әкімдігінің “Өркен” БЖДТО “Jas Tarlan” әскери-патриоттық, спорттық орталығы Астана қаласы мектеп оқушылары мен колледж студенттері 14-18 жас аралығындағы “Айбын” республикалық әскерей-патриоттық іріктеудің 2 кезеңінде биік белтемірге тартылу бойынша командалық есепте колледждер бойынша 1 орын жеңіп алды;

 Қызылорда қаласында өткен GTF Таеквондодан жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионатында массоги бөлімі бойынша 15-17 жас аралығында 70 кг салмақ дәрежесінде колледж студенті Хаметов Расул І-орынға ие болды;

 WORLD SKILLS ASTANA-2023 қалалық чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт» құзіреттілігі бойынша колледж студенті Төрехан Ақниет (жетекшісі Исанов Нағашыбай) ІІ-орынға, «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша колледж студенттері Мусахмет Даниал мен Щербатых Сергей (жетекшісі Илипов Марлен) ІІ-орынға ие болды;

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын білім беру саласының мамандары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР Оқу-ағарту саласының үздік жас маманы» атты республикалық байқауына қатысқан колледж оқытушысы Жұмағұл Ернұр Сенбайұлы байқаудың жеңімпазы атанды;

 Астана қаласы әкімдігінің Өркен балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығы ұйымдастырған Қалалық студенттер лигасы бағдарламасы бойынша ұлдар арасындағы футзалдан өткен жарыста колледж командасы 3 орынға ие болды;

 Қарағанды қаласында 16-17 жас аралығындағы жастар арасында Каратэ Шинкиокушинкайдан Қазақстан чемпионаты өтті. Колледждің «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ФиС-2202 студенті Осипенко Алина абсолютті салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды;

 Сербия астанасы Белград қаласында 18-20 жас аралығындағы жастар арасында ММА бойынша әлем чемпионатында колледждіңФиС -1901 тобыныңстуденті Шакенбай Ерсұлтан Сержанұлы жастар арасында ММА бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды;

 «Қырандар» әскери-патриоттық клубының мүшесі, Фрик Данил Алматы қаласында өткізілген 2-ші Республикалық «ҚАЛҚАН» қысқы спартакиадасында кермеде 31-рет тартылып, жеке біріншілікте «3»орынға ие болды;

 Астана қаласының колледж студенттері арасындағы спартакиадасы шеңберінде қысқы Президенттік көпсайыс бойынша қалалық жарыста колледжіміздің студенттері жалпы командалық есепте ІІІ-орын иеленді;

 Астана қаласының колледж студенттері спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында баскетболдан қалалық жарыста колледжіміздіңқыздары ІІ-орын иеленді;

 Астана қаласының колледж студенттері спартакиадасы шеңберінде шаңғыдан қалалық жарыста колледжіміздіңкомандасы жалпы командалық есепте ІІ-орын иеленді;

 «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен 4 педагог;

 Ы. Алтынсарин төсбелгісімен 1 педагог;

 «Еңбек ардагері» төсбелгісімен 2 педагог ;

 «Үздік жас маман» төсбелгісімен 4 педагог;

 Оқу ағарту министірінің құрмет грамотасымен 3 педагог марапатталды.