КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

14-17.04.2022. «ҚазТБУ» АҚ колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы бокс турниріне төреші ретінде қатысуда.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2022 жылдың 14-17 сәуір аралығында «Қазақ Технология және Бизнес Университеті» АҚ колледжінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдилов Сағидолла Советұлы Нұр-Сұлтан қаласындағы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының он жылдығына арналған 2006-2007 жылдары туған балалар арасында Бокстан республикалық турниріне төреші болып қатысты. Спорттық шара барысында С.Абдилов колледждегі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқу жайлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, алдағы уақытта колледжде өтетін «Ашық есік күніне» шақырды. Сонымен қатар, өз кәсіби білімін спортпен байланыстырамын дейтін мектеп түлектеріне мен олардың ата-аналарына колледжде білім алу, жатақханамен қамту, материалдық-техникалық база және басқа да мүмкіндіктер туралы тың ақпаратпен бөлісті.