Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Біз туралы

Колледж тарихы

Колледж 2006 жылы "Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті"акционерлік қоғамының құрамында құрылды.
Мемлекеттік лицензия № KZ78LAA00036142.
2016 жылы колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
2021 жылы 5 жылға ҰБО институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Колледжде білім беру қызметі күндізгі оқу нысаны бойынша жүргізіледі.
2014 жылдан бастап Кредиттік оқыту технологиясы қолданылады.
2010 жылдан бастап "Platonus" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді.
Барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алатын оқу топтары бар.
Оқыту ақылы негізде және мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Колледжде 95 педагог жұмыс істейді, оның ішінде:
- 3 оқытушының педагог-зерттеуші санаты бар;
- 4 оқытушының педагог-сарапшы санаты бар;
- 28 оқытушының педагог-модератор санаты бар;
- 36 оқытушының ғылым магистрі ғылыми дәрежесі бар.
Оқытушылар үнемі қалалық, республикалық, халықаралық біліктілікті арттыру курстарында оқиды.
Барлық мұғалімдерде өздері жасаған оқу-әдістемелік кешендер бар.
2025-2026 оқу жылында 1834 студент оқиды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 1146 адам.
Біздің мекен-жайлар:
1. Астана қаласы, Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А;
2. Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Орлыкөл көшесі, 15.