Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66
ҚазТБУ-да оқу
ВИРТУАЛДЫ ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ
Құрметті талапкерлер, Сізге ыңғайлы болу үшін ҚазТБУ университеті ZOOM онлайн-алаңдары арқылы ашық қол жетімді Виртуалды қабылдау комиссиясын құрды.
толығырақ
антитеррор
толығырақ
Адалдық сағаты
Баянғали Әлімжанов - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
толығырақ
Оқиғалар мен хабарландырулар
Колледждің өзекті жаңалықтары мен оқиғалары

16-03-2026

Наурызнама

«Наурызнама» декада аясында колледж ұжымы мен студенттері қайырымдылық акциясын өткізді. Шара барысында бірнеше отбасыға азық-түлік қоржындары таратылып, қажетті қолдау көрсетілді. Бұл игі іс қатысушылардың игілікке деген ұмтылысын біріктіріп, бірлік пен мейірімділіктің жарқын символына айналды.

03-03-2026

Ұлттық спорт түрлері — «Бес асық» және «Асық ату»

«Біз – Қазақстанның болашағымыз!» атты колледж студенттері арасындағы қалалық Спартакиада аясында ұлттық спорт түрлері — Бес асық және Асық ату ойындарынан жарыс өтті. Аталған додаға қала колледждерінің студенттері белсенді қатысып, ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өзара бақ сынасты.

24-02-2026

Жеке көркем образды жасау

Ашық сабақ ГиМД-2401 тобымен ОН 1.1 «Жеке көркем образды жасау» пәні бойынша өткізілді. Сабақтың тақырыбы: «Көз бен қас бөліктерін тоналды дамыту, әртүрлі ракурста зерттеп суретін салу». Сабақ барысында студенттер көз бен қастың құрылымын, анатомиялық ерекшеліктерін және өзара пропорциясын зерттеді. Негізгі назар жарық пен көлеңке арқылы форма мен көлемді дұрыс беруге аударылды.

19-02-2026

Ашық сабақ: «Тағам өнеркәсібіндегі жасанды интеллект – болашаққа көзқарас»

Ашық сабақ: «Тағам өнеркәсібіндегі жасанды интеллект – болашаққа көзқарас» Колледжімізде тағам өнеркәсібінде жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында ашық сабақ өтті. Қазіргі заманғы технологиялар өндірісті қарқынды түрде өзгертуде, сондықтан біз студенттермен бірге техник-технолог мамандығының болашағына көз жүгірттік.

19-02-2026

«Мамандық және Мансап» атты дөңгелек үстел

«Мамандық және Мансап» атты дөңгелек үстел 2026 жылғы 19 ақпанда 304-кабинетте «Мамандық және Мансап» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға ШПиМО, ГиМД, ТППП, ТПиНГ, СМиС және Архитектура бағыттарының студенттері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар таңдаған мамандықтарының ерекшеліктерін, мансаптық мүмкіндіктерін және еңбек нарығының заманауи талаптарын талқылады.

17-02-2026

Искусственный интеллект в работе преподавателя

“Искусственный интеллект в работе преподавателя: от планов урока до автоматической проверки”тақырыбындағы семинар жоғары деңгейде өтті және оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар барысында қатысушылар сабақ жоспарларын, презентациялар, тесттер және оқу материалдарын жасауға арналған заманауи жасанды интеллект сервистерінің мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар, тапсырмаларды автоматты түрде тексеру және оқытушының уақытын үнемдеу бойынша практикалық мысалдар көрсетілді

17-02-2026

Сәулеттік концепцияны әзірлеуде жасанды интеллектті қолдан

17 ақпанда Архитектура-2301 тобының 3-курс студенттерімен «Сәулеттік концепцияны әзірлеуде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында идеяларды генерациялау, учаскені талдау және визуалды шешімдер жасауға арналған заманауи AI-құралдары, сондай-ақ олардың жобалау үдерісін жеделдету мен оңтайландырудағы рөлі қарастырылды.

17-02-2026

Архитектор XXI века

«Дизайн және технология» бөлімінің декадасы аясында «Сәулет» мамандығы студенттері арасында «Архитектор XXI века» атты зияткерлік-креативтік ойын өтті.

16-02-2026

Берекелі кәсіп – болашақ кепілі

16 ақпан күні Дизайн және технология бөлімінің «Берекелі кәсіп – болашақ кепілі» атты онкүндіктің ашылуы болды. Онкүндіктің негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, теория мен практиканы ұштастыру. Бөлімдегі мамандықтардың барлығы — ел экономикасының, өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына тікелей үлес қосатын бағыттар.

18-12-2025

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орындардың болуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бос орынға конкурс жариялайды:

11-12-2025

Тарихыңды таны

11 желтоқсан 2025 күні 1 курс студенттері арасында "Тарихыңды таны" атты интеллектуалды білім сайысы өтті
Мақсаты:студенттердің ойлау қабілетін,ой ұшқырлығын,оқуға ынтасын арттыру

11-12-2025

Н.В. Гоголь «Шинель»

Колледжде бірінші курс студенттеріне арналған Н.В. Гогольдің «Шинель» шығармасы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақты педагог-зерттеуші Ажигулова Гүлжан Тұрсынханқызы жүргізді. Сабақтың мақсаты — Башмачкин бейнесін терең ашу, оның өмірлік ұстанымын, адамгершілік ізденісін және Гогольдің көркемдік әлеміндегі орнын түсіндіру болды. Сабақ барысында шығарманың әлеуметтік мәселелеріне және оның қазіргі оқырман үшін маңыздылығына ерекше назар аударылды...

Сайт университета
КАЗАХСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ТЕХНОЛОГИИ И БИЗНЕСА
толығырақ
Психолог колледжа
Психологическая служба колледжа
толығырақ
Военно-патриотический клуб "Қырандар"
Военно-патриотический клуб "Қырандар"
толығырақ
Құрметті әріптестер, студенттер мен ата-аналар!

Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы сіздерге құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, отанымыз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ізгі ниетпен, колледж әкімшілігі.

көбірек білу