КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Құрметті әріптестер!

Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу үшін Педагогтердің біліктілігін бағалау (ПББ) өткізілетін болады. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 12 ақпандағы №30 бұйрығымен 2024 жылғы 14-17 ақпан аралығында техникалық және кәсіптік, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кандидаттар, педагогикалық қызметті қайта бастағысы келетін адамдар үшін педагогтердің білімін бағалауды (бұдан әрі - тестілеу) жүргізу мерзімдері айқындалды.

Ағымдағы жылғы 14 ақпанда білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттар үшін тестілеу өткізіледі. Ұлттық тестілеу орталығы ағымдағы жылғы 12-14 ақпан аралығында онлайн режимде тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды жүзеге асырады.

Тестілеу өңірлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының базасында өтеді. Ұлттық тестілеу орталығының сайтында алдын-ала тіркелу қажет болады.

Тестілеу әкімшілері Ұлттық тестілеу орталығы филиалдарының қызметкерлері қатарынан, бақылаушылар – облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларының қызметкерлері қатарынан анықталды. Тестілеу нәтижесінің қолданылу мерзімі - тестілеу тапсырылған күннен бастап бір жыл.