
Бөлім орта буын мамандарын келесі алты өзекті және сұранысқа ие мамандықтар бойынша даярлайды:
Графикалық және мультимедиялық дизайн
Тігін өндірісі және киім үлгілеу
Тағам дайындау технологиясы
Архитектура
Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы
Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)
Оқу процесі студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды тиімді ұштастыруға бағытталған. Сабақтар заманауи технологияларды қолдана отырып, арнайы зертханалар мен оқу-өндірістік шеберханаларда өткізіледі, бұл оқу үдерісін нақты өндіріс жағдайларына барынша жақындатады.
Бөлім түлектері сән индустриясы, дизайн, қоғамдық тамақтандыру, архитектуралық ұйымдар, мұнай-газ саласы және стандарттау қызметтері сияқты түрлі салаларда табысты еңбек етуде. Алған білімдері мен дағдылары олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына және кәсіби тұрғыдан үнемі дамуына мүмкіндік береді.

Графикалық және мультимедиялық дизайн — графика, анимация, фото, бейне және дыбыс сияқты элементтерді біріктіре отырып, жарнамалық, білім беру, мәдени немесе коммерциялық мақсаттағы визуалды өнімдер жасауға бағытталған сала.
- Көркемдік және эстетикалық талғам – композицияны, түстер үйлесімін, пішін мен кеңістікті сезіну.
- Бағдарламалық дағдылар – Adobe Photoshop, Illustrator, InDesign, Figma, CorelDRAW және басқа дизайн құралдарымен жұмыс істей білу.
- Шығармашылық ойлау – жаңа, ерекше идеялар ұсыну және визуалды шешім табу қабілеті.
- Көрнекі коммуникация негіздері – ақпаратты бейнелер мен графикалық элементтер арқылы түсінікті жеткізу.
- Типография және макеттеу – мәтін мен суретті үйлестіру, қаріптермен жұмыс істеу.
- Клиентпен және командамен жұмыс – тапсырысты түсіну, кері байланыспен жұмыс істеу, жобаны уақытында орындау.

Мұнай мен газды қайта өңдеу техник технолог – бұл мұнай мен табиғи газдан бензин, дизель отыны, пластмасса және басқа да мұнай-химия өнімдерін өндірудің технологиялық үдерістерін басқаратын маман. Ол қондырғылардың жұмысын қадағалап, өнім сапасын бақылайды және заманауи экологиялық таза технологияларды енгізеді. Бұл сала мамандары қайта өңдеудің тиімділігін арттыру мен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту тәсілдерін зерттейді. Түлектер мұнай өңдеу және газ өңдеу зауыттарында, мұнай мен газды тасымалдау және сақтау компанияларында, сондай-ақ химия және энергетика кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Бұл – экономиканың негізгі салаларының бірінде жұмыс істеп, заманауи технологиялармен айналысуды қалайтындар үшін тамаша мамандық.

«Тағам өндірісінің технологиясы» мамандығы тағам өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және олардың сапасын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған.
Болашақ технологтар тағам өнімдерінің сапасын жақсарту, жаңа рецептуралар дайындау және өндіріс процесін тиімді ұйымдастыру бойынша білім алады. Оқу барысында студенттер тағам шикізаты мен дайын өнімдердің қасиеттерін зерттейді,өндірістік процестер мен жабдықтарды меңгереді,тағам қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды үйренеді,өндірістік және зертханалық тәжірибеден өтеді.Түлектер тағам комбинаттары мен зауыттар,наубайханалар, сүт және ет өңдеу кәсіпорындары.қоғамдық тамақтану мекемелері,сапа және стандарттау зертханаларында жұмыс істей алады.Мамандықтың артықшылықтары тағам өнеркәсібінде жоғары сұранысқа ие,тұрақты жұмыс пен кәсіби өсу мүмкіндігі бар.Еңбек нарығында сұраныс жоғары,кәсіби және шығармашылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді,тағам сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды мамандық

Бұл мамандықта студенттер киімнің үлгісін жасау, пішімдеу, тігу және сәндік әрлеу жұмыстарын үйренеді. Оқушылар заманауи тігін технологияларын, маталар мен материалдардың қасиеттерін меңгереді. Түлектер тігінші, модельер-конструктор немесе технолог болып жұмыс істей алады.
Осы мамандық бойынша оқып шығып алған адам — киім үлгісін жасау, тігін өндірісін ұйымдастыру, лекала (кесу үлгісін) әзірлеу, тігін машиналарымен жұмыс жасау, материалдар мен фурнитураны таңдау сынды жұмыстарды орындай алады. Оқу барысында төмендегідей дағдыларды игересіз. Материалдардың түрі мен қасиетін білу (мата, былғары, трикотаж және т.б.). Өлшем алу, пішім жасау, лекала әзірлеу, үлгіні тиісті өлшемге көшіру. Тігін жабдықтарымен жұмыс істеу — машиналар, қол қайшы, үтік, әрлеу құралдары. Киім үлгісін әзірлеу: конструкторлық-технологиялық құжаттама жасай білу, эскизден өндірісіне дейінгі кезең. Техникалық және шығармашылық қабілеттердің үйлесімі қажет: дизайн + технология.

«Сәулет» мамандығы адам өмірі мен қызметіне қолайлы, әсем де үйлесімді кеңістік қалыптастыра алатын мамандарды даярлауға бағытталған. Сәулет – ғылым, өнер және техниканың тоғысында орналасқан сала, ол ғимараттар мен құрылыстарды, сондай-ақ қалалық ортаны функционалдық, конструктивтік және көркемдік талаптарға сай жобалауды қамтиды. Студенттер жобалау негіздерін, құрылыс технологияларын, сәулеттік графиканы, сәулет тарихы мен теориясын, сонымен қатар заманауи цифрлық модельдеу әдістерін меңгереді.
Оқу орнын тәмамдаған түлектерге техник-жобалаушы біліктілігі беріледі. Бұл мамандық иелері сәулет және құрылыс ұйымдарында, жобалау бюроларында, қаланы абаттандыру және жоспарлау компанияларында жұмыс істей алады. Техник - жобалаушы жобалық құжаттаманы әзірлейді, сәулеттік сызбалар мен 3D-модельдерді орындайды, визуализация жасайды және ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық әрі конструктивтік шешімдерін дайындауға қатысады.

1. Өндіріс орындарында – өнім сапасын бақылау, технологиялық процестердің стандарттарға сәйкестігін тексеру.
2. Сапа бақылау және сертификаттау орталықтарында – өнімдер мен қызметтердің стандарттарға сай болуын бағалау.
3. Метрология және сынақ зертханаларында – өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу және сынақ жүргізу.
4. Мемлекеттік және жеке стандарттау ұйымдарында – стандарттар мен техникалық регламенттерді дайындауға қатысу.
5. Сауда және кеден саласында – импорттық және отандық өнімдердің сапа сәйкестігін қадағалау.
Қысқаша айтқанда, бұл мамандық иелері сапаны басқару, өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және өнімнің қауіпсіздігін бақылау бағыттарында еңбек етеді