Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Отделение "Общеобразовательных дисциплин и информационных технологии"

«Жалпы білім беру пәндері және ақпараттық технологиялар» бөлімі

" Жалпы білім беру пәндер бөлімі" колледждегі маңызды құрылымдық бөлім болып табылады. Бұл бөлім студенттердің гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық салаларда кең негізделген білім алуын қамтамасыз етеді. Бөлімнің негізгі мақсаты — оқушыларда мәдени, интеллектуалдық және коммуникативті құзыреттіліктерін дамыту, болашақ кәсіби даму және қоғамда бейімделу үшін қажетті негізгі дағдыларды қалыптастыру.

Бөлімнің негізгі қызмет бағыттарына сыни ойлау, анализ жасау, диалог жүргізу және командалық жұмыс дағдыларын дамыту жатады, сонымен бірге өзіндік жұмыс пен зерттеулер дағдыларын жетілдіру көзделген. Бұл бөлімнің оқытушылар құрамында жоғары білікті мамандар, тәжірибесі мол педагогтар жұмыс істейді.

Оқу процесі заманауи педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолданумен жүргізіледі, бұл студенттердің пәндерді тиімді меңгеруіне, белсенді қатысуына және жеке қасиеттерін дамытуға әсер етеді. Сонымен қатар инновациялық әдістерді пайдаланып, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін, азаматтық ұстанымын және кәсіби икемділігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

!