17 ақпанда Архитектура-2301 тобының 3-курс студенттерімен
«Сәулеттік концепцияны әзірлеуде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында идеяларды генерациялау, учаскені талдау және визуалды шешімдер жасауға арналған заманауи
AI-құралдары, сондай-ақ олардың жобалау үдерісін жеделдету мен оңтайландырудағы рөлі қарастырылды.