Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Ұлттық спорт түрлері — «Бес асық» және «Асық ату»

«Біз – Қазақстанның болашағымыз!» атты колледж студенттері арасындағы қалалық Спартакиада аясында ұлттық спорт түрлері — Бес асық және Асық ату ойындарынан жарыс өтті.

Аталған додаға қала колледждерінің студенттері белсенді қатысып, ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша «Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Бұл жетістік — студенттеріміздің ұйымшылдығы мен табандылығының, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға деген құрметінің айқын дәлелі.

Колледж ұжымын және жүлдегер студенттерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз! 🎉👏