“Искусственный интеллект в работе преподавателя: от планов урока до автоматической проверки”
тақырыбындағы семинар жоғары деңгейде өтті және оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Семинар барысында қатысушылар сабақ жоспарларын, презентациялар,
тесттер және оқу материалдарын жасауға арналған заманауи жасанды интеллект сервистерінің мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар, тапсырмаларды автоматты түрде тексеру және оқытушының уақытын үнемдеу бойынша практикалық мысалдар көрсетілді.
Қатысушылар сапалы нәтиже алу үшін дұрыс сұраныс (промпт) құру тәсілдерін үйренді.
Практикалық бөлімде оқытушылар ИИ құралдарын өз тәжірибесінде қолданып көрді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алынған білімнің пайдалы екенін атап өтіп,
жасанды интеллектті оқу процесіне енгізуге дайын екендіктерін білдірді.
Биылғы жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект» жылы болып жарияланды.
Осы бағыт аясында өткізілген бұл семинар өзекті тақырыптардың бірі болып табылады,
себебі цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану білім беру
жүйесін жаңғыртуға және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.