Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Жеке көркем образды жасау

Ашық сабақ ГиМД-2401 тобымен ОН 1.1 «Жеке көркем образды жасау» пәні бойынша өткізілді.
Сабақтың тақырыбы: «Көз бен қас бөліктерін тоналды дамыту, әртүрлі ракурста зерттеп суретін салу».
Сабақ барысында студенттер көз бен қастың құрылымын, анатомиялық ерекшеліктерін және өзара пропорциясын зерттеді.
Негізгі назар жарық пен көлеңке арқылы форма мен көлемді дұрыс беруге аударылды.
Практикалық жұмыста студенттер көз бен қасты әртүрлі ракурста бейнелеп, бақылау арқылы сурет салу, тоналды шешім,
қарындаш қысымын қолдану және көлемді көрсету дағдыларын жетілдірді.
Сабақтың мақсаты – студенттердің көз бен қас бөліктерін кәсіби деңгейде бейнелеу қабілетін дамыту және тон арқылы форма мен тереңдікті дәл жеткізуге үйрету.