Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Берекелі кәсіп – болашақ кепілі

16 ақпан күні Дизайн және технология бөлімінің «Берекелі кәсіп – болашақ кепілі» атты онкүндіктің ашылуы болды.
Онкүндіктің негізгі мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, теория мен практиканы ұштастыру.
Бөлімдегі мамандықтардың барлығы — ел экономикасының, өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына тікелей үлес қосатын бағыттар.
Біздің студенттер — ертеңгі дизайнерлер, технологтар, архитекторлар, инженерлер!
Олар – ертеңгі күннің білікті мамандары, жаңа идеялар мен болашағы зор жобалардың авторлары.
Онкүндік аясында шеберлік сабақтары, көрмелер, кәсіби байқаулар және тәжірибелік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Берекелі кәсіп – жарқын болашақтың кепілі!