Наурызнама онкүндігі аясында колледж ұжымы мен студенттері қайырымдылық акциясына белсене қатысты.
Қайырымдылық акциясы ерекше жылулыққа толы күйде өтті. Қайырымдылық – мейірім мен жанашырлықтың көрінісі.
Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жақсылық жасау – қоғамды жақындата түсетін ең асыл құндылықтардың бірі.
Әрбір әкелген дәм, әрбір үлес – үлкен жүректің, кең пейілдің белгісі. Акция барысында бірнеше отбасыға азық-түлік себеттері табысталып, оларға қолдау көрсетілді.
Бұл игі іс – жақсылыққа ұмтылған жүректердің ортақ еңбегі.
Бүгінгі күн – жүректен шыққан жылу жүректерге жеткен ерекше күн болды. Осындай игі істер мейірім мен бірліктің арта түсуіне жол ашсын!