Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Ашық сабақ: «Тағам өнеркәсібіндегі жасанды интеллект – болашаққа көзқарас»

? Ашық сабақ: «Тағам өнеркәсібіндегі жасанды интеллект – болашаққа көзқарас»

Колледжімізде тағам өнеркәсібінде жасанды интеллектіні қолдану тақырыбында ашық сабақ өтті.
Қазіргі заманғы технологиялар өндірісті қарқынды түрде өзгертуде, сондықтан біз студенттермен бірге техник-технолог мамандығының болашағына көз жүгірттік.

Сабақ барысында әлемдік тәжірибеде енгізіліп жатқан ЖИ мысалдары қарастырылды: автоматтандырылған өндіріс желілері,
сапаны бақылау жүйелері, роботтандырылған асүйлер және өндірісті басқарудың цифрлық платформалары.
Көрнекілік ретінде «болашақ асүйі» туралы бейнематериалдар көрсетіліп, онда технологиялардың өндіріс
процесін оңтайландыруы, қалдықтарды азайтуы және өнім қауіпсіздігін арттыруы көрсетілді.

Сабақтың ерекшелігі – дебат форматында өткізілуі. Студенттер екі командаға бөлінді:
? бірінші команда «Иә» позициясын қорғап, жасанды интеллект тағам өнеркәсібінің дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп дәлелдеді;
? екінші команда «Жоқ» позициясын ұстанып, технологиялар адам еңбегін толық алмастыра алмайды және белгілі бір тәуекелдер бар екенін айтты.

Пікірталас барысында қатысушылар өз көзқарастарын дәлелдеп, цифрландырудың мамандыққа әсерін талқылады, болашақтағы жұмыс мүмкіндіктері мен жауапкершілік мәселелерін қарастырды.
Мұндай формат студенттердің сыни ойлау қабілетін, топта жұмыс істеу дағдыларын және кәсіби аргумент келтіру мәдениетін дамытуға мүмкіндік берді.

Сабақ мазмұнды, белсенді және әсерлі өтті. Тағам өнеркәсібінің болашағы инновациясыз мүмкін емес екені анық.
Ең бастысы – технологияларды өнім сапасы мен қауіпсіздігі үшін тиімді және сауатты пайдалану.