«Дизайн және технология» бөлімінің декадасы аясында «Сәулет» мамандығы студенттері арасында
«Архитектор XXI века» атты зияткерлік-креативтік ойын өтті.
Қатысушылар кәсіби білімдерін, шығармашылық ойлау қабілеттерін және заманауи цифрлық құралдармен,
соның ішінде жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті.
Ойын барысында командалар бірнеше кезеңнен өтті: сәулет викторинасы,
адам мен жасанды интеллект жасаған жобаларды ажырату тапсырмасы, сондай-ақ шектеулі уақыт ішінде өз ғимарат концепцияларын әзірлеу.
Іс-шара командалық жұмысты, кәсіби жауапкершілікті және заманауи маман қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Іс-шараны ұйымдастырып, жүргізген — «Сәулет» мамандығының оқытушысы Калыкова А.С.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз!