КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

17-20.03.2022. ҚазТБУ-да университет кубогы үшін бокстан турнир өтті

Кәсіптік бағдар беру аясында және ҚР Балалар жылына орай 2022 жылдың 17-20 наурыз күндері «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде 2005-2006, 2007-2008 ж.т. балалар арасында бокстан турнир өтті. Шараға еліміздің 10 облысынан 51 бокс клубының атынан қатысқан жас спортшылар қатысты. Ұйымдастырушы: «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, КСРО спорт шебері Сағидолла Абдилов. Турнир балаларға колледж туралы және «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсу жағдайларымен танысуға мүмкіндік берді. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы С.Абдилов балалар мен олардың ата-аналарына колледжде оқу барысы, жатақханада тұру, колледжге түскісі келетін мектеп бітірушілер үшін басқа да мүмкіндіктер туралы айтып берді. Сонымен қатар студенттердің сұрақтарына жауап беріп, алдағы Ашық есік күніне шақырды.