18.04.2022 Қазақ технология және бизнес университеті колледжінің оқытушылары Кусаинова А.Ж. және Мамраимова Ж.Т. елорданың №74 мектебінде болды. Жарнамалық-таныстырылымдық өнімдер таратылғаннан кейін бітірушілерге колледж мамандықтары мен колледжге оқуға түсу туралы ақпарат берілді. Әңгімелесу барысында оқушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жауап алды.