КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / ҚазТБУ колледжінде бокстан Республикалық турнир өтті

Объявления

ҚазТБУ колледжінде бокстан Республикалық турнир өтті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен белгіленген салаутты өмір салтын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысын арттыру мақсатында а.ж. 16-19 наурыз аралығында елордада бокстан 2007-2008, 2009-2010 жылдары туған мектеп оқушылары арасында ІІ ашық республикалық турнир өтті.

Қазақ технология және бизнес университеті ұйымдастырған доданың ашылу салтанатына Университеттің Президент-ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Сейтқасым Байбеков, ҚазТБУколледж директоры Дінмұхамбет Өтеев, ҚР кәсіби бокс федерациясының вице-президенті Рахымжан Ерденбеков, ҚР кәсіби бокстың елордалық филиалының директоры Ерболат Аубакиров, бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, Әлем Чемпионы Болат Жұмадилов, WBA Азия кәсіби бокстан Азия чемпионы, WBA белбеуінің иегері Даулет Даукенов қатысты.

Спорттық шараға елорда мен еліміздің 12 облысынан 26 команда немесе 178 жасөспірім қатысты.

Турнирге қатысқан жас боксылар 28 салмақ дәрежесі бойынша күштерін сынап көрді.

Жарыс қортындысы бойынша жалпыкомандалық есепте:

1 орын: Түркістан “Жекпе-жек” командасы

2 орын: Қорғалжын TopTeam

3 орын: «Талапкер»

4 орын: Тараз

5 орын: Семей, Абай обл.

Дәстүрлі жарыс жастар арасында боксты кеңінен насихаттау үшін өткізіліп отыр. Мақсат – дене шынықтыру мамандарын даярлайтын факультеттің бар мүмкіндігін көрсету және өз болашағын спортпен байланыстыратын жеткіншектерге жарыстарды ұйымдастыру мен өткізу бойынша кәсіби білім беру мен төрешілік жүргізу қабілеттерін дамыту.

Спорттық додалар жыл сайын өткізіліп отырады және әр өңірдің спортшылары арасында бұл шара оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, білім алу мүмкіндігімен танысуға ынталандырады.

Сондай-ақ, өз қатарластарымен бокстасатын жастар бұл спорттағы шеберлігін шыңдап, әрі қарай дамуына үлкен серпін береді.