КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

«2021 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша науқанға дайындық» веб-семинары

2021 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Современное образование» Республикалық журналының редакциясымен бірлесе «2021 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау бойынша науқанға дайындық» тақырыбында веб-семинар өткізді. Онда:

  1. ТжКБ ұйымдарына қабылдау процесін қалай дұрыс құруға болады;
  2. Мемлекеттік тапсырыс қалай бөлінеді;
  3. Колледждің ақпараттық науқанының тиімді құралдары;
  4. Кәсіби бағдарды онлайн қалай жүргізу керек мәселелері сөз болып, қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.

Оған колледж директоры Д. Өтеев пен директордың кәсіби бағдар, жұмысқа орналасу және мансап жұмыстары жөніндегі орынбасары К. Усманов қатысты. Семинарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің ТжКБ департаменті басқармасының басшысы Биекова Бахытжан Үмітбекқызы 2021 жылы Қазақстан Республикасындағы ТжКБ ұйымдарына қабылдаудың жаңа қағидаларын таныстырды.