Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

25.05.2022. «Студенттік арбат» қалалық көрме-фестивалі

2022 жылдың 25 мамырында колледж студенттері және оқытушылары техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының Балалар жылы аясында мектеп түлектеріне арналған «Студенттік арбат» қалалық көрме-фестиваліне қатысты. Көрме-фестиваль жалпы білім беретін мектеп түлектеріне елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпаратты ұсыну мақсатында өткізілді және мектеп оқушыларының кәсіби өзін-өзі айқындауын қалыптастыруға, оларға мамандық таңдауда көмек көрсетуге, сондай-ақ ТжКБ мамандықтарының беделі мен имиджін арттыруға бағытталған. Іс-шара аясында колледж студенттері мен оқытушылары көрмеге келушілерге кеңестер беріп, сондай-ақ студенттер колледждің жарнамалық өнімдерін таратып, концерттік бағдарламаға қатысты.