Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

29.03.2023ж.Кәсіптік бағдар -2023: Бағыт - Ақкөл!

Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруі, қазіргі демографиялық жағдай, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасындағы бәсекелестіктің күшеюі колледж қызметінің басым бағыттарын айқындайды. «Кәсіптік бағдар – 2023» бағдарламасының келесі кезеңі Ақкөл қаласы, сонымен қатар іргелес жатқан Домбыралы, Азат, Кеңес, Қарабұлақ ауылдарының мектептеріне арналды. Бұл кездесулер барысында таныстырылымдар көрсетілді, буклеттер таратылып, сұрақтарға жауаптар берілді. Түлектерге оқудың қазіргі бағыттары, мамандықтар және колледжде оқудың артықшылықтары туралы ақпарат берілді.