Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Алтын күз

Колледжішілік іс-шаралар 1 курс студенттерінің ерекше қызығушылығын тудыратыны баршаға мәлім. Ал, "Күзгі бал" кеші біздің колледж студенттері үшін дәстүрлі мереке, себебі әр оқу жылында ұйымдастырылып отырады.

Күзгі балға 1 курс студенттері қатысты. Студенттер әр кешті асыға күтетіндіктен алдын ала дайындалып, бар өнерлерін ортаға салды.

Байқауға жалпы 8 жұп қатысты. "Ғаламшарлар" тақырыбында сән үлгілерін көрсете отырып, студенттер көрермендерді өздері жасаған қолөнерлерімен тәнті етті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар мен түрлі номинациялар берілді.

«Бас жүлде» - ТжБ-2301 тобы;

1 орын – ПО-2301 мен ШПиМО-2301 топтары;

2 орын - Құқықтану-2301 тобы;

3 орын – ГиМД-2301 тобы;

«Ең жарасымды жұп» номинациясы – Туризм-2301 тобы;

«Үздік киім үлгісі» номинациясы - ФиС-2301 тобы;

«Креативті жұп» номинациясы – ПО-2303 тобына бұйырды.

Женімпаздарымызды құттықтаймыз!

Кеш көңілді және қызықты өтті. Дәстүр бойынша кеш көңілді би кешімен аяқталды. Кештің ұйымдастырушылары мен қатысушыларына күзгі көңіл-күй мен мерекелік атмосфера үшін алғыс білдіреміз.