КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Ардақты аналар, аяулы арулар!

Мейірімділік пен ізгіліктің, сұлулық пен жылулықтың мейрамы

8 Наурыз -Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өмірдегі ең асыл, ең мейірбан жандар өздеріңіз екенін әрбір адам баласы бас иіп мойындайды. Сіздер адал махаббат пен ізгілік иесі ретінде жанұяға жарық пен жылу сыйлап, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербететін адамзат баласының нәрі, ары, рухы, жігерісіздер. Асыл аналарымыз қандай кезеңде болмасын қоғам жүгін қайыспай көтере білген. Сондықтан бабаларымыз «қыз-баласын тіршіліктің тұтқасы, ұлттық дәстүр мен салт-сананы, тарих пен тілді сақтап, қадірін ұрпақтың бойына дарытушы» деп қастерлеген.

Ел өмірінің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып жүрген қыз-келіншектеріміздің ерен еңбектерінің жемісі молая берсін! Сіздерге дүниенің бар жақсылығын, қуанышы мен шаттығын, деннің саулығы мен көңілдің шуағын тілеймін!

Құрметпен

колледж директоры Утеев Д.Б.