КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне шақырамыз

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2021 жылғы 15 қарашада сағат 15.00-де Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтетін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күніне арналған "Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жылдарындағы қаржы жүйесінің дамуы" атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз. Конференция идентификаторы 3058932577. Пароль 123456

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы: Қазақ технология және бизнес Университетінің "Экономика, Есеп және аудит" кафедрасы. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақстанның қаржы жүйесінің, елдің монетарлық және фискалдық саясатының жетістіктері мен дәйектіліктерін талқылау. Дөңгелек үстелге қатысуға студенттер мен магистранттар, университеттің және басқа да жоғары оқу орындарының ПОҚ, қаржы саласының мамандары шақырылады

Дөңгелек үстел жұмысының бағыттары:

  1. Мемлекеттік бюджет, салық салу.
  2. Банк секторының және халық пен бизнесті несиелендірудің өзекті мәселелері.
  3. Сақтандыру.
  4. Зейнетақы қоры және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры.
  5. Бағалы қағаздар нарығын және биржалық сауданы дамыту.
  6. Елдің валюталық саясаты.
  7. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.

Дөңгелек үстел жұмысында баяндама жасауға өтініштеріңізді 2021 жылғы 11 қарашаға дейін С.Д. Жубаевқа жіберулеріңізді сұраймыз, E-mail: saparbayd@yandex.ru Қосымша ақпарат алу үшін "Экономика, есеп және аудит" кафедрасына және +7 701 149 6209 телефон арқылы хабарлауыңызға болады Жубаев Сапарбай Досжанұлы.