КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

ҚазТБУ колледжінде шағын футболдан «Ректор кубогы» өтті

Салауатты өмір салтын өскелең ұрпақ арасында насихаттау, жасөспірімдердің спортқа деген құлшынысын арттыру мақсатында 11-12 мамырда Қазақ технология және бизнес университетінің колледжінде 2007-2008 жылдары туған мектеп оқушылары арасында шағын футболдан «Ректор кубогы» өтті.

Спорттық шараға елорданың №59 мектеп- лицей, №62 мектеп-лицей, №63 мектеп-гимназия, №64 мектеп-лицей, Ілияс Есенберлин атындағы №67 мектеп-гимназия, №76 мектеп- лицей, №81 AES мектеп-гимназия, №84 мектеп-лицей, №88 мектеп-лицей, Ы.Алтынсарин атындағы BINOM school, Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM school және Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылының №2 орта мектеп командалары қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды: №62 мектеп-лицей командасы, 2 орынды: №64 мектеп-лицей командасы, 3 орынды Ахмет Байтұрсынов атындағы BINOM school командасы иеленді.

Спорттық додалар жыл сайын өткізілетін болады және бұл шара оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, білім алу мүмкіндігімен танысуға ынталандырады.

Video

Foto1

Foto2