Бабатай ауылындағы оқушылармен кездесу 2022 жылдың 13 сәуірінде Бабатай ауылының мектеп бітірушілерімен кездесу өтті. Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің қызметкерлері оқу орны туралы, барлық мамандықтар туралы, веб-сайт туралы мәліметтер, талапкерлерді қабылдау ережелері туралы бейнероликтерді мектеп оқушыларының назарына ұсынды. Кейін түлектер көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, «Ашық есік күніне» шақырылды.