Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / «Бизнеске жол тап»

Медиа

«Бизнеске жол тап»

«Бизнеске жол тап» байқауы

2025 жылдың 13 қарашада Қ. Құлажанов атындағы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінде студенттерге арналған «Бизнеске жол тап» байқауы өтті.

Аталған шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтар жылы аясында мамандықтардың мәртебесін көтеру, жастардың кәсіпкерлікке қызығушылығын арттыру, олардың бизнес жүргізу дағдыларын, командада жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту және стартап пен кәсіпкерлік негіздерімен таныстыру болды. Сонымен қатар, қатысушыларға стартап жобалары мен кәсіпкерлік негіздері туралы жан-жақты танысуға мүмкіндік берілді.

Байқау барысында студенттер бірнеше кезеңнен өтіп, идеяны қалыптастырудан бастап бизнес-жобаны табысты жүзеге асыруға дейінгі барлық кезеңдерді тәжірибеде орындады.

«Бизнеске жол тап» байқауына 26 студенттен құралған 13 команда қатысып, өз жобаларын ұсынды.

Конкурс қорытындысында барлық қатысушыларға сертификаттар мен дипломдар табысталды. Марапат иегерлері төмендегідей:

  • 3-орын – Есқайыр Жанель, Козяр Алина; Айтбайқызы Айша, Ералы Жомарт, Болатхан Жания
  • 2-орын – Бурбаева Сания, Амантай Дана
  • 1-орын – Абуғали Ерсұлтан, Ерғали Ерасыл