КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

Елімізде адам санасына сәулет түсіріп, көз қарасына, тіпті өміріндегі құндылықтарға өзгерістер әкелетін кітаптар жарық көре бастады. Өйткені, дүниенің кілті – білімде. Білімге құштар жастар жалпы кітап құмар көпшілік үшін, дүние жүзіндегі таңдаулы оқулықтарды қазақ тілінде оқуға мүмкіндіктер туды.

Бұл еңбектер: философия, экономика, мәдениеттану, тарих, психология, педагогика, саясаттану және жаңа гуманитарлық білім беруге бағытталған. Себебі, бағдарламада бекітілген міндеттер бойынша бірден Ұлттық Аударма Бюросы құрылып, кітаптар арнайы комиссиядан іріктеліп, аударма жұмысы басталып кетті.

Қазақ технология және бизнес университетінің кітапханасы 2021 жылғы 17 қараша күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастырды. Библиограф Раимкулова Нурсулу Аятқызы «100 жаңа кітап жобасының берері мол» атты өзінің мақаласымен іс-шараны ашты.

Оқу залында «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Библиограф Раимкулова Н.А. библиографиялық сипаттама жасап, кітап көрмесімен таныстырды. Дөңгелек үстелге 35 оқырман қатысты. Дөңгелек үстелге «Дизайн» кафедрасының аға оқытушысы, профессор Қазанғап Төлеутай Махметұлы және дизайн мамандығының білімгерлері қатысты. Төлеутай Махметұлы, авторы Роббинс С.: «Ұйымдық мінез – құлық негіздері» атты кітаппен таныстырып, өз ойымен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары:

  1. Ряпова Айым – Биотехнология мамандығының 4 курс білімгері, авторы Паркин М.: «Макроэкономика» кітабы туралы өз ойын айтты.
  2. Ансабаев Айбар – Экология мамандығының 4 курс білімгері, авторы Гомбрих Э.: «Өнер тарихы» кітабы туралы өз ойымен бөлісті.
  3. Артықбаев Бақжан – Менеджмент мамандығының 1 курс білімгері, авторы Лонгенекер Г.Ж.: «Шағын бизнестегі менеджмент» туралы өз ойымен бөлісті.
  4. Тілеуқабылова Карина – Стандартау және сертификаттау мамандығының 1 курс білімгері, авторы Григг Расселл: «Бастауыш мектеп мұғалімі » атты кітаппен таныстырды.
  5. Сәмбет Перизат – Дизайн мамандығының 2 курс білімгері, авторы Борев Ю.Б.: «Эстетика» кітабы туралы өз ойымен бөлісті.
  6. Жақсылық Нұржанар –Дизайн мамандығының 2 курс білімгері, авторы Янсон Т.: «Тіл туралы» атты кітабымен оқырмандарды таныстырды.

Аға оқытушы, профессор Қазанғап Төлеутай Махметұлы білімгерлерге 100 кітап жобасының қыр-сырымен пікір алмасты. Жиналған білімгерлер өз ойларын ортаға салды. Оқырмандарда бұл кітаптармен тезірек танысып, оқып шығуға деген тілек пен қызығушылық туындады.


Сондай-ақ бұл көрме кітапхананың оқу залында (ауд.1/200), абонементте (ауд.1/201) және кітапхана сайтында (libkazutb.kz) кеңінен ұйымдастырылған. Кітаптар оқырмандар үшін кез келген уақытта қолжетімді