КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Деструктивті ағым мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында "ҚазТБУ" АҚ акт залында студент жастар арасында деструктивті ағым мен діни экстремизмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді. Аталған дәріске Нұр-сұлтан қаласының Діндерді зерттеу орталығының ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Ерназаров Алмас Әзімханұлы, Діндерді зерттеу орталығының мамандары және кеңестердің ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Темірлан Жанатұлы және Бекишева Индира Ғалымқызы, Есіл ауданы ПБ ЖПҚ ЖПҚБ полиция капитаны Мұсабекова Ұлбосын Жаныбекқызы қатысты.

Дәріс барысында Конфессияаралық қатынастарды реттеудегі қабылданған заңнамалық нормалардың талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, деструктивті діни идеологиялардың таралуын болдырмау қажеттілігі туралы айтылып, деструктивті діни ағымдарды өз қатарына тартудың психологиялық әдістері мен қорғау тәсілдері туралы егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, қонақтар ислам дінін ұстанатын жалған діни ағымдардың айырмашылықтарын және деструктивті діни идеологияның мемлекет пен халық үшін қауіптілігін түсіндірді.