КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Әдістемелік күн

Әдістемелік жұмыс үздіксіз білім берудің ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқытушыларға біліктілігін арттыруға және жеке өсу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Әдістемелік көмек көрсету педагогтардың тиімді педагогикалық тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауына ықпал етіп, оларды әрі қарай практикалық қолданыста жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Астана қаласы Әдістемелік орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ТжКБ бөлімінің әдіскерлері 2023 жылғы 28 қарашада колледжде әдістемелік күн өткізді. Мақсаты - педагогтердің оқыту әдістемесін қадағалау, олардың кәсіби шеберлігін дамытуда әдістемелік қолдау көрсету.

Орталық әдіскерлері колледжіміздің оқытушылары Ж. Т. Мамраимова, У. Хайса, Д. К. Баярыстанова, А. Ж. Бижанова, Т. К. Нурекешов, А. С. Әлімбетова, М. Е. Акпаровтың сабақтарына қатысты. Соңында сабақтарға талдау жүргізіліп, тиісті әдістемелік ұсыныстар берілді.