КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері

14.10.2022 ж колледж әдіскері Байкенова Г.К. колледждің жас педагогтермен «Әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.

Колледжде «Жас мамандар мектебі» жұмыс істейді. Жас педагогтермен барлық кездесулер мен семинарлар жоспарға сәйкес өткізіліп тұрады. Бұл семинар колледжде жас педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау, бейімделу мәселелерін азайтуға және жас маманның кәсіби қызметіне табысты енуіне ықпал ету мақсатында өткізілді.

Семинарда жас маманың «тәжірибелі ұстаз» мәртебесін иеленуіне мүмкіндік беретін заманауи технологиялар мен оқыту әдістерін меңгеру, біліктілігін арттыру және озық педагогикалық тәжірибені зерделеу әдістері көрсетілді.

Стандартқа сәйкес заманауи педагог жоғары білімі болуы, оқу пәні мен оқу бағдарламасы бойынша білімін көрсете білуі, сабақты жоспарлау, өткізу, олардың тиімділігін талдау, сабақ шеңберінен шығатын оқытудың формалары мен әдістерін меңгеруі қажет: зертханалық эксперименттер; білім беру үдерісіне барлық білім алушылардың қамту мақсатында оқытудың арнайы тәсілдерін қолдану: ерекше білім беру қажеттіліктері бар; бақылаудың әртүрлі нысандары мен әдістерін қолдана отырып, студенттердің білімін объективті бағалай білу, АКТ құзыреттіліктерін меңгеру.

Семинар барысында осы стандарттардың барлығы жас мамандармен талқыланды. Жас мамандар сабақ жоспарын құру, журнал толтыру және т.б сұрақтар қойды.