Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

КазТБУ-да жаңа футбол алыңының ашылуы

Ағымдағы жылдың мамыр айының соңында Қазақ технология және бизнес университетінде заманауй үлгідегі мобильді футбол орталығы ашылды. Спорт орталығы университет аумағындағы Студенттер үйінің жанында орналасқан. Жылдың төрт мезгіліндеде жұмыс жасау мүмкіндігі бар. Стадион үлкен футболға арналған 1 алаң және кіші футболға арналған 4 алаңды қамтиды. Алаңда бір мезетте 60 ойыншы ойнай алады. Сонымен қатар стадионда ерлер мен әйелдерге арналған арнайы киім ауыстыру бөлмесі мен жуынатын бөлмелер қарастырылған. Білім алушылар сабақтарынан бос уақытын тиімді өткізуге спорт орталығына келе алады. Сонымен қатар спорт орталығының есіктері біздің білім алушыларға және мұғалімдерге әрдайым ашық.