6 мамыр күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті АҚ
колледжінде жұмысшы мамандықтар жылына орай бейіндік сыныптарда оқытуды жүзеге
асыру аясында "Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу бағыты бойынша «Киімді Муляжды
модельдеу» әдісімен алу. Белдемше тігу технологиясы тақырыбында шеберлік сыныбы
өткізілді.
Міндеттері:
• Мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдарлауды белсендіру арқылы мамандық алуға
ынталандыру;
• Колледждерге кәсіби бағдарланған талапкерлерді тарту арқылы кәсіптік білім беру сапасын
арттыру;
• Жұмысшы мамандықтары бойынша кадрлармен қамтамасыз ету;
• Колледж педагогтары мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби шеберлігін
арттыру.
Қатысушылар:
• Астана қаласы әкімдігінің "Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №78 мектеп-гимназиясы" ШЖҚ
МКК.
Іс-шараға 9-сыныптың 30 оқушысы қатысты. Оқушылар бұл мамандыққа ерекше
қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өз ісінің нағыз
мамандарынан құнды кеңестер естіді.