КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Колледж оқытушыларына арналған «Білім берудегі инновация» атты оқу-әдістемелік семинар өтті

2024 жылдың 8-ақпанында директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары мен колледж әдіскерінің ұйымдастыруымен білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін әлемдік білім кеңістігінде қолданылатын инновациялық үдерістерді меңгерту арқылы жан-жақты дамыған ұстаз болуға жол ашу мақсатында «Білім берудегі инновация» атты оқу-әдістемелік семинар өтті. Семинарда екі бағыт қарастырылды. Біріншіден, оқыту мақсатына жетудегі тиімді әдістер, екіншіден, білім беруде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы педагогтың жұмысын жеңілдетуге арналған әдістер.

Іс-шарада колледж оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті:

  • қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Ж.Т. Мамраимова «Оқыту мақсатына жетудегі тиімді әдістер: «Стоп-кадр», «Журналист»» тақырыбында;
  • орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы - Ә.Ә.Әбдіқадір «SMART әдісі» бойынша;
  • арнайы пәндер оқытушысы - Ж.А.Ратаева "Жасанды интеллект көмегімен презентация жасау» бойынша;
  • арнайы пәндер оқытушысы - Н.Г.Томпакаева: «Жасанды интеллект» тақырыбында;
  • арнайы пәндер оқытушысы - Ү. Хайса «Quizizz» платформасы тақырыбында.

Семинар барысында оқытушылар еркін сұрақ-жауап алмасып, олардың ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Семинар қатысушылары кері байланыс кезінде «Google форма» арқылы әріптестерге алғысын білдіріп, олардың бөліскен тәжірибелеріне баға берді.