2025 жылдың 28 тамызында колледжде ата-аналарға арналған «Колледжде
мінез-құлық ережелерін сақтау: құқық және тәртіп» тақырыбында ашық есік күні
өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері
бойынша колледж бен ата-аналар арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ
отбасындағы берекелі қарым-қатынасты қалыптастыру арқылы тәрбиенің сапасын
арттыру.
Ашық есік күнінің міндеті – балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-
аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, олардың психологиялық және әлеуметтік
құзыреттіліктерін дамыту бағытында жүйелі педагогикалық қолдау көрсету.
Іс-шара колледж директоры Қ.Қ. Сурагановтың құттықтау сөзімен басталды. Ол
ата-аналарға колледждің алдағы оқу жылына қойған мақсаттары мен міндеттері жайлы
қысқаша тоқталып, ата-аналардың тәрбиедегі рөлін ерекше атап өтті.
Кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары оқу үдерісінің құрылымы, оқу
ережелері және пәнге деген қызығушылықты арттыру жолдары жөнінде толыққанды
ақпарат беріп, пәндік факультатив сабақтар туралы ата-аналарды хабардар етті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ата-аналарға «Ата-аналарды
педагогикалық қолдау орталығының» мақсаттары мен жұмыс бағыттары туралы мәлімет
беріп, ата-аналармен бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын тілге тиек етті.
Сонымен қатар, құқық бұзушылықтың алдын алу менеджері «Жасөспірімдер
арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасап, ата-
аналарға бала тәрбиесіндегі заңдық сауаттылықтың маңызын түсіндірді. Ол жасөспірімдер
арасындағы құқық бұзушылықтың негізгі себептеріне тоқталып, оның алдын алу
шараларымен таныстырды.
Іс-шара соңында колледж психологы ата-аналармен тренинг өткізіп, отбасы
ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту, жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін
түсіну, олармен тиімді тіл табысу әдістері бойынша кеңестер берді.
Ашық есік күні ата-аналар мен колледж ұжымы арасында өзара түсіністік пен
сенімге негізделген тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Іс-шараға қатысқан
ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, осындай кездесулердің жиі өткізіліп
тұруын қолдайтындарын жеткізді.