КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

«Коронавирусқа қарсы вакцинация»

2021 жылдың 14 сәуірінде №3 қалалық емхананың қызметкерлері «Қазақ технология және бизнес университеті» колледжінің оқытушылар құрамы мен студенттеріне (18 жастан жоғары) «Коронавирусқа қарсы вакцинация» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті №3 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Асанова Көркем Әлмағамбетқызы және терапевт дәрігер Орынбаева Маржан Балтабайқызы жүргізді.Іс-шара барысында, әсіресе, әлеуметтік сала мамандары үшін, сонымен қатар тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті бар адамдар үшін вакцинацияны ұйымдастыру, жүргізу тәртібі және маңыздылығы мен қарсы көрсеткіштері қандай және вакцинация қалай жүруде екені туралы мәселелер айтылды.18 жастан асқан кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияға Нұр-Сұлтан, Біржан сал көшесі 1 үй мекен-жайы бойынша жазыла алатыны айтылды. тел: 54-70-23.