2022 жылдың 22 сәуірінде кәсіптік бағдар бөлімінің қызметкерлері Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет және Көбетей ауылдарының мектептерінде болды. Бітіруші сыныптармен кәсіптік бағдар беру кездесуі білім беру қызметтері нарығында колледждің бәсекеге қабілеттілігін шешуге бағытталды. Әңгімелесу барысында жоғары сынып оқушылары оқу корпустарымен, зертханалармен, мамандандырылған аудиториялармен танысты, сонымен қатар барлық мамандықтар туралы толық ақпарат берілген презентацияларды тамашалады.