Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Мектеп оқушыларына арналған Мастер-класс

Колледжімізде "100 бейінді" сынып аясында мектеп оқушыларына арналған мастер-класс ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақтың ұлттық құндылығын дәріптей отыра, жүн материалдарының қыр-сырларымен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандық таңдауға бағыт беру.

Мастер-класс барысында қатысушылар жүнді акварель техникасында пайдалану арқылы композициялық шығарылым орындады.

Бұл әдіс жүн талшықтарын қабаттап төсеу арқылы жұмсақ түстер ауысымын жасап, акварельге тән жеңілдік пен нәзіктікті жеткізуге мүмкіндік береді.

Шығармашылық жұмыс кезінде композиция құру ережелері, түстерді үйлестіру, негізгі және қосалқы элементтерді орналастыру тәсілдері түсіндірілді. Қатысушылар табиғи жүн материалдарымен жұмыс істей отырып, өз қиялдарына сай ерекше көркем шығарылымдар жасады.

Аталған жұмыс түрі эстетикалық талғамды қалыптастырып, шығармашылық ойлауды дамытады, сондай-ақ қолөнер мен сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты арттырды.