Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Қонақ үй кәсіпорнының типтік құрылымы

2025 жылдың 4 қарашасында «Қонақ үй кәсіпорнының типтік құрылымы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ «Туризм-2402» тобында өтті.

Сабақтың мақсаты – студенттерге қонақ үй кәсіпорнының құрылымы, оның негізгі бөлімдерінің қызметтері және қонақтарға қызмет көрсету барысында бөлімдердің өзара әрекеттесуін түсіндіру.

Сабақ барысында келесі мәселелер қарастырылды:

  • қонақ үйдің негізгі бөлімдері (орналастыру қызметі, қабылдау және қызмет көрсету, әкімшілік-шаруашылық, инженерлік-техникалық, тамақтандыру және маркетинг бөлімдері);
  • қонақ үйді басқару құрылымы;
  • жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында бөлімдердің өзара байланысының ерекшеліктері.

Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мақсатында келесі интерактивті оқыту әдістері қолданылды:

  • шағын топтарда жұмыс істеу;
  • нақты қонақ үйлердің ұйымдастырушылық құрылымын талдау;
  • «Қонақ үй кәсіпорнының типтік құрылымы» сызбасын құрастыру;
  • кәсіби жағдайларды талқылау.

Студенттер сабаққа белсенді қатысып, тақырыпқа қызығушылық танытты, қонақ үй бөлімдерінің функцияларын жақсы меңгергендерін және басқару құрылымын логикалық тұрғыдан құра білу қабілеттерін көрсетті.

Сабақ қорытындысы бойынша студенттер жақсы білім деңгейін, теориялық білімді тәжірибеде қолдану және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Ашық сабақтың мақсаты мен міндеттері толық орындалды.