КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / Worldskills чемпионатына дайындық

Объявления

Worldskills чемпионатына дайындық

2022 жылғы 14 желтоқсанда Жоғары көлік және коммуникация колледжінде «Құзіреттер орталығы базасында Worldskills чемпионатына дайындық кезінде студенттердің кәсіби дағдыларын дамыту» тақырыбында қалалық семинар өтті.

Семинарды өткізу мақсаты – «WorldSkills» Ұлттық чемпионатына студенттерді дайындауда, мамандықтың заманауи дағдылары мен талаптарын қалыптастыруда көпбағытты жұмыстарды ұсыну.

Семинарға Астана қаласының директордың орынбасарлары, техникалық бағытындағы колледждердің арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Қалалық семинарда «Ақпараттық кабельдік желілер», «Электромонтаж» құзыреттілігі бойынша шебер-сыныптары өткізілді. Колледж педагогтері академиялық дербестік аясында жұмыс оқу бағдарламасын құрастыруда Worldskills талаптарын ескеру жолдары түралы тәжирібесімен бөлісіп, халықаралық курс барысында алған тәжірибелерімен бөлісті.Колледждің арнайы пән оқытушылары Сайранкок Б., Дүйсенова Г.А. «Академиялық дербестік аясында жұмыс оқу бағдарламаларын құрастыру» тақырыбындағы курстан алған білімдерін ортаға салды. Сүндетова А.К., Муравьева С.А. Мәскеу және Қазан қаласында өткен офлайн курстың оңтайлы жақтары көпшілік назарына ұсынды. Педагог-психологтер Бегалиева Э.С., Универқызы Ғ. Worldskills чемпионатына дайындық кезінде студенттерге психологиялық қолдау көрсету әдістерімен тәжірибе алмасып, тренинг өткізді.

Семинарға қатысушылар Жоғары көлік және коммуникация колледжінің Құзыреттілік орталығының заманауи құрал-жабдықтармен жоғары деңгейін қамтамасыздандырылған және байланыс және энергетика саласында кәсіби дағдыларды дарыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Іс-шараға 60 астам колледж педагогтері қатысты.