Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою

Медиа

Ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою

31.03.2023 жылы Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласының «Экономика, дизайн, ақпараттық жүйелер» колледжі мен Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары келесі мәселелер бойынша ұзақ мерзімді қарым-қатынастарды орнату болып табылады: қазіргі заманғы кәсіпорындар мен ұйымдардың талаптары мен ерекшеліктеріне сәйкес келетін мамандарды дайындау; ғылым мен техниканың инновациялық жетістіктерін өндіріс процесіне енгізу; студенттер мен колледж қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша Тараптар арасында тұрақты серіктестік орнату және т.б.