Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

Президенттік мәдениет орталығы музейіне экскурсия

2024 жылдың 25-26 қаңтар күндері Президенттік мәдениет орталығы музейінде колледжіміздің 1 курс ПО-2301 және ТППП-2303 топ студенттеріне жақын арада өзектендіріліп жаңа мазмұнға ие болған экспозициялар көрсетіліп, шолу экскурсиялары өткізілді.

Іс-шара барысында студенттер қазақ мемлекеттілігінің үздіксіз дамуы, жоғарғы биліктің институционалдық негіздерімен және оның дамуы жайлы баяндайтын экспозициялық материалдармен, жәдігерлермен егжей-тегжейлі танысты.