Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / Кәсіптік бағдар -2023: Жаңа маусымның ашылуы

Медиа

Кәсіптік бағдар -2023: Жаңа маусымның ашылуы

Сұранысқа ие, тіпті өзіңізге ұнайтын мамандықты табу - шын мәнінде оңай емес. Ол үшін Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру бөлімі жұмыс істейді. Бөлім қызметкерлері «Талапкер-2023» жаңа маусымын Ақмола облысына сапармен бастады. 2022 жылдың 11-14 қазан аралығында облыстың Астрахань, Атбасар, Жақсы, Жарқайың, Есіл аудандарының 42 мектебіне кәсіптік бағдар жұмыстары жүргізілді. 9-11 сынып бітірушілерімен кездесу барысында білім ошағы туралы бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар буклеттер таратылды.