Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайымен танысу

Республика күніне орай, ШПиМО-2201 тобы кураторы М.А.Тулеубаевамен ҚР Қарулы күштертерінің Әскери-тарихи мұражайымен танысып қайтты. Әскери-тарихи мұражай еліміздегі техникалық жабдықтамасы ең озық мұражайдың бірі. Ол бірегей экспозицияларымен туристерді таң-тамаша қалдыратын бірнеше залдан тұрады. Мұражайда орнаған күй-жайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Себебі, шеберлердің тыңғылықты еңбегі нәтижесінде, келушімен қауышқан жәдігерге жан біткендей сезіледі. Ал сондай "тірі" жәдігерлердің ұзын саны 6000-ға жетеді.

Мұражайдағы не нәрсе жайлы айтсаңыз да: хаттар, құжаттар, әскери қару-жарақ, барлығы да Қазақстанның ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейді, баяндайды. Қалауыңыз болса, кей жәдігерлерді қарап қана қоймай, ұстап көруге де рұқсат етілген. ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайы соғыстың зардап-залалын ұғынып, батыр бабаларымызды ұлықтап, тағылымды тарихымыз жайлы тың мәліметтермен танысуымызға керемет мүмкіндіктер береді. Студенттердің мұражайдан алған әсерлері мол.