Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

«Сәулетшінің жолы: идеядан іске асыруға дейін» атты мастер-класс

    2025 жылғы 4 маусымда "Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес

университеті" АҚ колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Сәулет»

мамандығының 1-курс студенттеріне арналған шабыттандыратын мастер-класс өтті.

    Шақырылған спикерлер:

    Батчан Гүлшат Тлеуханқызы — НИПИ «Астанагенплан» мекемесінің бас маманы,

Қазақстанның қала құрылысшылары одағының мүшесі, Қ. Құлажанов атындағы КазУТБ

колледжінің «Сәулет» мамандығы бойынша оқытушысы;

    Аушахметов Азамат Болатович — жобалардың бас сәулетшісі, Қазақстанның қала

құрылысшылары одағының мүшесі.

  Сәулетшінің жолы: идеядан іске асыруға дейін»* тақырыбындағы мастер-класс

барысында студенттер сәулет жобалаудың негізгі кезеңдерімен, қала кеңістігімен жұмыс істеу

ерекшеліктерімен және кәсіби тәжірибемен танысты.

Шараға 50-ге жуық студент қатысты. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын

қойып, нақты жобалар туралы естіп, болашақ мамандықтарына деген ынталарын арттырды.

   Бұл мастер-класс бірінші курс студенттері үшін сәулет әлеміне алғашқы қадам және өз

жолдарын табуға үлкен серпін болды.

 

? Спикерлерге кәсібилігі мен тәжірибесін бөліскені үшін алғыс айтамыз!