КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

«ТАБЫС ЖОЛЫ: КӘСІПҚОЙЛАРДЫҢ КЕҢЕСІ»

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

     2025 жылғы 18 сәуірде «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес

университеті» АҚ колледжінде жұмысшы мамандықтар жылы аясында ZOOM

платформасы арқылы, туристік сала өкілдерімен оффлайн және онлайн форматта «Табыс

жолы: кәсіпқойлардың кеңестері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Спикерлер ретінде:

Павел Ямчук, Астана, Петропавл, Көкшетау, Қостанай, Туроператор Компас

агенттіктерімен жұмыс жөніндегі аға куратор.

Маханова Толқын, Алматы қаласы , ASEM TOUR туристік агенттігі сату бөлімінің

туризм жөніндегі менеджері.

Дия мырза, экскурсиялық компанияның жетекшісі, Египет, Шарм-эль-Шейх.

Дениз Халил, гид экскурсовод, Түркия, Стамбул

Мақажанов Ғалымжан Теміржанұлы - Астана қаласының Балалар-жасөспірімдер

туризм және сауықтыру орталығы бөлімінің меңгерушісі

Ермекбай Алмаз Жанатұлы, С. Торайғыров атындағы орта мектеп мұғалімі, ағаш шебері.

Маханова Әсем Қасенқызы - ASEM TOUR туристік фирмасының негізін қалаушы,

сондай-ақ арнайы пәндер оқытушысы.

    Дөңгелек үстелге Туризм-2402, Туризм-2401, Туризм-2301, Туризм-2302 топтарының 1

және 2 курс студенттері қатысты.

    Дөңгелек үстел студенттер үшін танымды өтті. Студенттер талқылауға

қызығушылықпен қатысып, спикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойды.

    Студенттер туристік саланың ауқымдылығына көз жеткізіп, Қазақстанның туристік

әлеуетін ілгерілететін турагент, туризм жөніндегі менеджер, визалық қызмет маманы

немесе ұлттық компания өкілі болып жұмыс жасай алатыны туралы өз білімдері мен

дағдыларын түрлі бағыттарда қолдана алатынын түсінді.