КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері

2024 жылғы 30 қаңтарда «Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжінің оқытушылары педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, педагогикалық іс-әрекетті талдау және зерттеушілік мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Астана қ. Білім басқармасының, Астана қ. Әдістемелік орталығы мен Сервис және туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған Х халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Астана қаласы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Астана қаласы Білім беру қызметкерлері кәсіподағының, Түркия мемлекетінің, Ресей Федерациясының, Татарстан , Қырғызстан Республикаларының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, сонымен қатар Алматы, Абай,Ақмола, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан т.б. аймақтардың, Алматы,Шымкент, Астана қалаларының ТжКББ педагогтері және колледждеррдің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Секциялық отырыстар диалогтық алаңы, дөңгелек үстел, панельдік дискуссия, BarCamp-анти-конференциясы, педагогикалық коллоквиум түрінде өткізілді.

Конференцияның секциялық отырыстарына қатысушыларға жұмыс тәжірибесімен бөліскені туралы сертификаттар берілді. Конференцияға 300-ден астам педагог қатысып, салмақты ой-пікірлер айтылып, тың тәсілдер ұсынды.