Колледждің миссиясы: жеңіл және тамақ өнеркәсібі, қызмет көрсету және БИЗНЕС телефондары саласында бәсекеге қабілетті,білікті, кәсіби кадрларды даярлау: +7(7172)69-70-54, +7(7172)69-70-55, +7 775 828 88 66

Медиа

«Тігін өндірісі мен киім үлгілеу бағыттары бойынша шеберлік сабағы»

   2025 жылғы 12 қыркүйекте «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында

«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының 1-ші және 2-ші курс

студенттерімен арнайы пән оқытушылары Нурумова Г.Н., Утеулиева У.Н.,

Балгабекова А.Е., Ғаділ Г.Е. жетекшілігімен шеберлік сабағын өткізді.

   Шараның мақсаты – студенттердің сурет салу, модельдеу, үлгі

құрастыру және тігуге деген қызығушылығын арттыру, сәндік-қолданбалы

өнерге баулу және көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Шеберлік сабақ барысында студенттер тігін технологиясының қыр-сырын

меңгеріп, теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Бұл үдеріс

олардың еңбекке, өнерге және ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып,

эстетикалық талғамын тәрбиелеуге ықпал етті.

   Мастер-класс студенттер үшін құнды білім көзі ғана емес, сонымен қатар

практикалық дағдыларды нығайтып, кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру

жолындағы маңызды тәжірибе болды. Сондай-ақ, бұл сабақ жастардың

болашақ мамандығына деген ынтасын арттырып, өзін-өзі дамытуға деген мотивация берді.