КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66

Объявления

ТжКББ-дегі медиация

2024 жылдың 1 ақпаны күні колледж қабырғасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің жоспарына сәйкес «ТжКББ-дегі медиация» жобасы аясында колледж директорларының орынбасарларына, әдіскерлерге арналған «Жұмысты жақсы көңіл-күймен атқару және күйзеліске ұшырамау үшін ресурстарды қайдан аламыз?» тақырыбындағы қауымдастық шеңбері өтті.

Іс-шараның мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы педагогтерге медиация туралы ақпарат беру, қауымдастық шеңберін өткізу арқылы педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету. Қауымдастық шеңберіне қатысушылар педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынаста туындайтын келеңсіз жағдайларды сындарлы шешу мәселесін талқылап, шешім қабылдауға белсенді қатысу және ол үшін жауапкершілікті бөлісу жайлы өзара пікір алмасты.

Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК ТжКББ бөлімінің әдіскерлері тарапынан ұжымдағы психологиялық ахуалды сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берілді.
Қауымдастық шеңберіне қатысушылар іс-шараның өзектілігін, әдістемелік қолдаудың тиімділігін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Іс-шараға 25 адам қатысты.