КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ: ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, БИЗНЕС САЛАЛАРЫ БОЙЫНША БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БІЛІКТІ КӘСІБИ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ.Телефоны: +7(7172)725 834, +7(7172)725 845, +7 775 828 88 66
Home / Жаңалықтар / ҚазТБУ колледжінде бірінші курс студенттерімен "Синергия" Халықаралық университетінің өкілі Динаш Мұхтарқызы Ауталиповамен кездесу өтті

Объявления

ҚазТБУ колледжінде бірінші курс студенттерімен "Синергия" Халықаралық университетінің өкілі Динаш Мұхтарқызы Ауталиповамен кездесу өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 20 ақпанында, ҚазТБУ колледжінде бірінші курс студенттерімен "Синергия" Халықаралық университетінің өкілі Динаш Мұхтарқызы Ауталиповамен кездесу өтті.

Динаш Мұхтарқызы "Синергия" университеті жөнінде, онда 25 жылдан астам уақыт бойы ең өзекті және сұранысқа ие мамандықтар оқытылатыны туралы айтып берді. Өз бизнесіңізді дамытуға немесе ірі компанияларда жұмыс істеуге қолдануға болатын білім берілетіні жайлы сөз тартты. Университеттің мақсаты-табысты мансап үшін сапалы білім беру.

Сондай-ақ, Қазақстандағы филиалдың "Синергия" университетінің қазақстандық өкілдігінің жас президенті Бауыржан Қасымбергебаев туралы балалар білді. Бауыржан Қасымбергебаев - қазақстандық меценат, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шығармашылық конкурстардың ұйымдастырушысы, "Алтын жүрек" сыйлығының номинанты, Ника Вуйчич, Майк Тайсон сияқты танымал спикерлерден сұхбат алған.

Кездесу барысында Динаш Мұхтарқызы студенттерді копирайтинг, мобилограф, интернет-маркетинг тағы сондай заманауи мамандықтар курстарына оқуға шақырды және осындай аталған мамандықтар бойынша курстарды бітірген балаларға сертификаттар табыстады.